Путин Қазақстанға келді

Фотография - Путин Қазақстанға келді

РФ Президенті Владимир Путин жексенбіде Қазақстанға келді.

128 0

РФ Президенті Владимир Путин жексенбіде Қазақстанға келді.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Ресей басшысының Қазақстанға келуі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен байланысты.

«Олар телефонмен сөйлесіп, кездесуге уағдаласты. Бұл сапар Қазақстан Президентін құттықтауға және екі ел арасындағы қарым-қатынастың өзекті мәселелерін тақылауға мүмкіндік береді», - деді Песков.

Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағандай, Елбасымыздың туған күні қарсаңында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты телефон арқылы құттықтап, жуық арада жеке құттықтауға мүмкіндігі болатынына сенім білдірген.

В.Путин Н.Назарбаевқа денсаулық пен амандық, ынтымақты Қазақстан халқының игілігі жолында соны жетістіктер, екіжақты стратегиялық әріптестіктің барынша дамуын тіледі.

Еске салайық, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Қызметтік жолын 1960 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы «Казметаллургстрой» тресінің құрылыс басқармасында жұмысшы боп бастады.

1991 жылы Қазақстан Президентін жалпы халықтық сайлауда 98,7% дауыс жинап, ел Президенті атанды. 2010 жылы «Ұлт көшбасшысы» мәртебеcіне ие болды.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!