Ерлан Ыдырысов АҚШ-та іссапармен жүр

Фотография - Ерлан Ыдырысов АҚШ-та іссапармен жүр

Вашингтонға 8 маусымда барған Ыдырысов Қазақстанда жұмыс істейтін америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесу өткізген

254 0

"Қазақстан сыртқы істер министрі (СІМ) Ерлан Ыдырысов ресми сапармен Вашингтонда жүр" деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Вашингтонға 8 маусымда барған Ыдырысов Қазақстанда жұмыс істейтін америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесу өткізген.

Бұдан соң ол АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгелмен, осы ел президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Сьюзан Райспен және оның көмекшісі Энтони Блинкенмен кездескен.

СІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта "Кездесуде екіжақты ынтымақтастық, әскери-техникалық көмек көрсету, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелері, Ауғанстанда бейбіт өмірді қалпына келтіруге көмек көрсету жайы талқыланды" деп жазылған. 

Ыдырысов бұған қоса АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уэнди Шерманмен де жолыққан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!