Серік Ахметов спортты дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді

Фотография - Серік Ахметов спортты дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді

 Бүгін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов Үкімет отырысы барысында дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

245 0

 Бүгін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов Үкімет отырысы барысында дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«Қоғамдық денсаулық сақтауды дамытуға, салауатты өмір салтының маңыздылығы мен құндылықтарын тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарды күшейту қажет. Оған барлық мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдар, БАҚ және жұмыс берушілер белсенді түрде қатысуы тиіс», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр Дене шынықтыру және спорт агенттігіне мүдделі органдармен бірлесе отырып, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң жобасын жаңа редакцияда белгіленген уақытта енгізуді тапсырды.

«Дене шынықтыру және спорт агенттігіне Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірге республикамыздағы бұқаралық спортты дамыту бағдарламасын даярлау мәселесін қарастырып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұсыныстар енгізуді тапсырамын»,- деді ол.

Сонымен қатар, С.Ахметов Экономикалық даму және сауда министрлігіне дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыра отырып, ҚДБ-ның қарауына енгізуды тапсырды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

премьер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!