Мектеп оқушыларының 87,7 пайызында жыл бойы спортпен айналысу мүмкіншілігі бар

Фотография - Мектеп оқушыларының 87,7 пайызында жыл бойы спортпен айналысу мүмкіншілігі бар

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

131 0

Мектеп оқушыларының 87,7 пайызында жыл бойы спортпен айналысуға мүмкіншіліктері бар.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Бүгінгі таңда қазақстанда оқушылардың 87,7 пайызының жыл бойы дене тәрбиесімен және спортпен айналысу мүмкіншілігі бар. Оқушылардың 23,7 пайызы қысқы спорт түрлерімен, ал 1,5 пайызы мектеп жағдайында жүзумен айналыса алады», - деді ол.

Жалпы, Б.Жұмағұловтың атап өтуінше, министрлік Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен бірлесіп жыл сайын спорттың 20 түрінен 70-тен астам республикалық турнир өткізіп тұрады. 3 пен 6 жас аралығындағы 600 мыңнан астам бала мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесімен айналысады.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!