TI: Қазақстандықтардың 30 пайызы пара берген

Фотография - TI: Қазақстандықтардың 30 пайызы пара берген

Халықаралық Transparency International (TI) ұйымы әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың 2013 жылғы деңгейіне қатысты есебін жариялады

262 0

Халықаралық Transparency International (TI) ұйымы әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың 2013 жылғы деңгейіне қатысты есебін жариялады. Ұйымның есебі бойынша, әлемнің 107 елінде сауалнамаға қатысқан 114 мың адамның жартысынан көбі соңғы екі жылда өз елдерінде сыбайлас жемқорлық күшейгенін айтқан.

Бірақ сауалнамаға жауап бергендердің 90 пайызға жуығы сыбайлас жемқорлық және парақорлықпен күреске дайын екендерін айтады.

Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бірінен астамы соңғы бір жылда пара бергендерін айтады. Қазақстан мен Украинада сауалнамаға қатысқандардың 30 пайызы бір жылда пара бергендерін айтқан. Ауғанстан мен Қырғызстанда бұл көрсеткіш 40 пайызды, Ирак пен Сербияда 20 пайызды құрайды.

Transparency International-дың зерттеуіне қарағанда, әлемде қоғамдық институттар арасында сыбайлас жемқорлық көп таралған. Ұйым "Қазақстанда билік институттары арасында сыбайлас жемқорлық ең көп жайлаған сала - полиция" дейді. 


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!