Астанада жаңа әкімдер тағайындалды

Фотография - Астанада жаңа әкімдер тағайындалды

деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

168 0

Бүгін Астананың қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХІІ сессиясы барысында елорданың Алматы және Сарыарқа аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Алматы» ауданының әкімі лауазымына ұсынылған 40 жастағы Бекбол Сағынның кандидатурасын мәслихат депутаттары бір ауыздан қолдады. Ол бұған дейін Астана қаласының Экономика және бюджетті жоспарлау, Қаржы басқармаларын басқарған.

«Бекбол Сағын ұзақ жылдар қаланың қаржы саласында жұмыс істеген. Тәжірибесі толысқан азамат. Бұған дейін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болды. Барлық қызметте де өзін жауапты, белсенді менеджер ретінде жақсы жағынан танытты. Өзіне жүктелген міндеттерді ұйымшылдықпен атқарады. Сондықтан мен оның кандидатурасын ұсынамын» - деді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

«Сарыарқа» ауданының әкімі ретінде 37 жасар Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма жетекшісі - Астана қаласы бойынша Тәртіптік кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

«Ол да түрлі басшылық лауазымдар атқарған, тәжірибелі қызметкер. Коммерциялық салалар мен Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының аумақтық бақармаларында жұмыс істеп, Павлодар ауданының әкімі болған. Қайда жұмыс істесе де өзін жақсы қырынан таныта білді», - деді әкім.

Сонымен қатар, қалалық Мәслихат сессиясында Ғалымжан Молдаш Астана қаласы Тексеру комиссиясының төрағасы болып қайтадан сайланды.

Бұған дейін «Алматы» ауданының әкімі болған Павел Кулагин Астана қаласының Коммуналдық шаруашылығы басқармасын, «Сарыарқа» ауданының әкімі болған Ермек Оспанов Астана қаласының Еңбек инспекция басқармасын басқарады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!