Қашағанда мұнайшылар ереуілдеп жатыр

Фотография - Қашағанда мұнайшылар ереуілдеп жатыр

Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы хабарлады.

165 0

Каспийдің солтүстік бөлігінде Қашаған кенішіндегі жасанды D аралында жұмыс істеп жатқан 200-ге тарта мұнайшы ереуілге шықты. Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы хабарлады.

Агенттіктің дерегі бойынша, "ереуілдеп жатқан мұнайшылар Agip компаниясының мердігері - CAPE Industrial Service кәсіпорнында жұмыс істейді".

Ереуіл жариялап, жұмыс істеуден бас тартқан мұнайшылар жұмысшылар санын қысқартуға наразы. Агенттік ақпараты бойынша, "қысқартулар кен орнындағы құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталғандықтан жүріп жатыр". 

Ереуіл өтіп жатқан аймаққа облыс әкімінің бірінші орынбасары кеткен.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!