Қырғыз шаруасы шекарада дау туғызды

Фотография - Қырғыз шаруасы шекарада дау туғызды

7 шілдеден бері Қырғызстанның Талас облысы Қарабура ауданына қарасты Көксай ауылының тұрғындары Қазақстанмен арадағы шекара бөлісімен келіспей нарзылық танытуда.

149 0

7 шілдеден бері Қырғызстанның Талас облысы Қарабура ауданына қарасты Көксай ауылының тұрғындары Қазақстанмен арадағы шекара бөлісімен келіспей нарзылық танытуда.

Қазақстанның Жамбыл облысындағы егіс алқаптарына арықты бөгеп су жібермей қойды.

Шаруалардың шарттары - Қазақ жерінен, ұзындығы 13 шақырым, аумағы 4,5 мың гектар жерді Қырғызстанға қайтарып алу; 2012 жылғы келісім бойынша бөлінген 2,6 мың гектар жердегі белгілерді алып тастау; екі ел шекарасын өзен арқылы өткізу.

Қырғыз вице-премьері Токон Мамытов  шаруалармен кездесіп 2001-2008 жылдары екі ел парламенті мақұлдаған келісім қайта қаралмайтынын, өзге шарттарын көрші елмен кеңесу арқылы шешетіндерін айтты.

Екі ел арасындағы шекара бөлісу келісімі 2009 жылы аяқталып, екі тарап та оны ресми түрде мойындаған.


Тегтер:

шекара

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!