Виза 5 жылға жарамды

Фотография - Виза 5 жылға жарамды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 9 шілдеде Вашингтонға ресми сапарыда ҚР мен АҚШ арасында өзара түсіністік қағидаты негізінде 5 жылға дейін жарамды көп реттік визалар беру туралы уағдаластықтың күшіне енуіне орай, екі ел өкілдері ноталармен алмасты.

175 0

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 9- шілдеде Вашингтонға ресми сапары  барысында ҚР мен АҚШ арасында өзара түсіністік қағидаты негізінде 5 жылға дейін жарамды көп реттік визалар беру туралы уағдаластықтың күшіне енуіне орай, екі ел өкілдері ноталармен алмасты.


1 тамыздан   бастап Қазақстан мен АҚШ  мерзімі 5 жылға дейін жарамды көп реттік дипломатиялық, қызметтік, іскерлік, туристік, жеке және студенттік визаларды бере бастайды. Бұрын виза беру мерзімі 1 жылдан аспайтын.

Аталған уағдаластық Қазақстан мен Америка арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық, туристік және басқа да байланыстарды нығайтуға, сонымен қатар, екі ел азаматтарының өзара сапарларын мейлінше жеңілдетуге бағытталған.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!