Елордамыздың орталық көшелерінде жүк көлігінің жүруіне тыйым салынды.

Фотография - Елордамыздың орталық көшелерінде жүк көлігінің жүруіне тыйым салынды.

Астанада «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына шығатын жерасты өтпелі жолының салынуына байланысты Тұран даңғылы бойымен жүк көліктердің қозғалысына тыйым салынды.

151 0

Астанада «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына шығатын жерасты өтпелі жолының салынуына байланысты Тұран даңғылы бойымен жүк көліктердің қозғалысына тыйым салынды.

«Астана қаласының ІІД Жол полициясы кәсіпорын басшылары мен ұйым жетекшілерінің және жеке кәсіпкерлердің назарына: «Хан Шатыр» СОСО-ға жерасты өтпелі жолын салуға байланысты құрылыс жұмыстарын жүргізуші мекемелердің жүк көліктері үшін Тұран даңғылы бойымен қозғалысқа шектеу қойылады»»,- делінген ведомство хабарламасында.

Ведомствоның атап өтуінше, жол полицейлерінің ұйымдастыру шараларына қарамастан, жүк көліктерінің жүргізушілері Тұран даңғылы бойымен жүріп, кептеліс жағдайларын туғызуда.

Шектеу орнында - К-1 көпірге таяу Сарайшық көшесі мен Қорғалжын тас жолында және тікелей Тұран даңғылында жүк машиналарының жүруіне тыйым салатын жол белгілері де қойылған. Сондай-ақ,  Сарайшық, Д.Қонаев, Сығанақ және Достық көшелерінің бойына өндірістік жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы ақпараттық панно да орнатылған.

Қазіргі уақытта жол бойындағы қалыптасқан жағдайды реттеу үшін көрсетілген жол телімдеріне қосымша полиция нарядтары қойылды.

«Тағы бір мәрте еске саламыз, шектеу қойылған жол телімдерінде жолды басқа бағыттарда айналып өту ұсынылады. Атап айтқанда: Д.Қонаев көшесі мен Достық көшесіне өту үшін  «Хан Шатыр» СОСО-ның батыс жағынан айналып өту керек. Ал жүк көліктерінің қозғалыстары Тұран даңғылынан көпірден Есіл өзені арқылы оңға Қорғалжын тас жолына бұрылып, Бейсекова мен Сығанақ көшелеріне шығады.  Сарайшық көшесінің бойымен К-1-ден Б.Момышұлы даңғылын қиып өтіп, Қалдаяқов көшесіне бағытталады. Одан Сығанақ көшесіне шығып, К-3 көпірі арқылы өтеді»,- делінген ведомство ақпаратында.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!