Көшеде кезбелер қаптап кетті

Фотография - Көшеде кезбелер қаптап кетті

ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың блогына Бахтияр Ахметов деген кісі хат жазып, кеше ғана 15 жылдық мерейтойын атап өткен елордасы –Астана қаласының сымбатын қайыр тілеген келімсектердің алқа-жұлқа сықпыты бұзып тұр деген ренішін жеткізіпті.

196 0

ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың блогына Бахтияр Ахметов деген кісі хат жазып, кеше ғана 15 жылдық мерейтойын атап өткен елордасы –Астана қаласының сымбатын қайыр тілеген келімсектердің алқа-жұлқа сықпыты бұзып тұр деген ренішін жеткізіпті.


Ол кейінгі кездері көше кезіп, қайыр сұрайтын жақын көршілеріміз – Орталық Азия мемлекеттерінен келген келімсектердің толып кеткенін айтады. Автор олардың нақты қай елдерден келгенін, Қазақстанда заңды-заңсыз жүргендігін анықтау Көш-қон полициясының құзыретіндегі іс екенін айта келіп. Құзырлы мекеменің көше кезбелерінің тіршілік-тірлігіне мұқият үңілуге шақырады. «Олар қала тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын бұзады. Көш-қон, басқа да құқық қорғау органдары қайда қарап отыр? Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы, осы мәселені тезірек қарасаңыз екен. Қайыр сұраушылар халықты көшеде жүргізбеуге айналды. Садақа бермесең шаужайыңнан жармасып, тіпті жүргізбейтін де болды»,– депті арызданушы.

Жөн-ақ дейік. Оның үстіне келімсектерді біздің елде заңды-заңсыз жүргенін анықтаумен бірге, олардың денсаулықтарын да тексеру керек. Егер баспаналары болса, жатын бөлмеде тамақ ішіп, тамақ ішетін бөлмеде домалап жуынбай ұйықтай салатын, антисанитарияда өмір сүріп жатқан адамдардың денсаулығына күдік көп.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!