Бостонда айыпталған қазақстандықтар соты шегерілді

Фотография - Бостонда айыпталған қазақстандықтар соты шегерілді

 Бұл туралы Тәжаяқовтың адвокаты Аркадий Бух..

231 0

Бостон марафоны кезінде болған жарылыстарға қатысты айыпталып отырған қазақстандық Азамат Тәжаяқов пен Азамат Қадырбаевтың ісі бойынша сот тыңдауы тағы да кейінге қалдырылды. Бұл туралы Тәжаяқовтың адвокаты Аркадий Бух..

Бух "Сот тыңдауы шілдеде болмайды. Тыңдаудан бұрын әуелі олар судьяларға көрінуі тиіс. Сот сол кезде тыңдау қашан өтетінін және оны кім жүргізетінін анықтайды" деген. Оның айтуынша, күдіктілердің сотқа көріну мерзімінің өзі тамыз айына шегеріліп жатыр.

Адвокаттың сөзіне қарағанда, АҚШ прокурорларының айыптары дәйекті емес. 

Сәуірдің 15-і күні Бостон қаласында марафон кезінде бомба жарылысынан 3 адам мерт болып, 260-тан астам адам жараланды. Полиция жарылысқа күдіктілер ретінде ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтарды атады. Тамерлан Царнаев сәуірдің 18-і күні полициямен атыс кезінде оққа ұшты. Ал Джохар Царнаев сәуірдің 19-ы күні Бостон қаласының шетінде ұсталды.

Джохар Царнаевқа қатысты алғашқы сот отырысы сәрсенбі, 10 шілдеде өткен. Царнаевтың сотымен қатар қазақстандықтардың ісі бойынша да алдын ала тыңдау осы күнге белгіленген еді.

Массачусетс Дартмаус университетінде Джохар Царнаевпен бірге оқыған қазақстандықтар - Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев "Бостон марафонындағы жарылыстарды тергеу ісіне кедергі келтірмек болды" деп айыпталып, АҚШ-та қамауда отыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!