Қаза болған бензовоз жүргізушісі ішімдік ішпеген

Фотография - Қаза болған бензовоз жүргізушісі ішімдік ішпеген

Алматы әкімі жақында қаза тапқан «Helios» компаниясы бензовозының жүргізушісіне қатысты бұған дейін жарияланған сараптама қорытындысына тоқталды.

180 0

Алматы әкімі жақында қаза тапқан «Helios» компаниясы бензовозының жүргізушісіне қатысты бұған дейін жарияланған сараптама қорытындысына тоқталды.

Бүгін Ахметжан Есімов қалалық әкімшілікте бензовоздың қатысуымен болған ЖКО салдарын жоюға қатысушыларға алғыс хаттар табыс етті. Жиында қала басшысы жасалып жатқан сараптама тоқталды.

«Біз қаза болған Горюнов Александр Валерьевичке жасалған химиялық-токсикологиялық сараптама қорытындысын алдық. Оның қанының құрамында алкоголь болмаған. Жол-көлік апатының себептері анықталуда, нақты қорытынды әзірге жасалған жоқ»,-деді А. Есімов.

Сонымен қатар қала әкімі жұмысты ширатуды тапсырды. «Күзге дейін пәтерлер мен үйдің қасбетін қалыпқа келтіру керек. Көліктеріне зақым келген азаматтарға да өтемақы төленуі тиіс. Қазір бағалаушылар жұмыс істеп жатыр. Олар барлық міндеттерін орындауға уәде берді және мен олардың уәдесінде тұратынына сенемін»,-деді А. Есімов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!