Оңтүстікте егін ору басталды

Фотография - Оңтүстікте егін ору басталды

 Биыл бұл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 25,0 мың гектарға артып, 767,0 мың гектарды құрады.

171 0

Оңтүстік Қазақстан облысында егінге орақ түсті. Биыл бұл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 25,0 мың гектарға артып, 767,0 мың гектарды құрады.

Дәл қазір 183,0 мың гектар алқапқа егілген масақты дақылдарды ору науқаны басталды. Алғашқы 5,4 мың га-дан астам орылған масақты дақылдың түсімділігі 22 центнерді құрап отыр. Алдын-ала жасалынған болжам бойынша 183,0 мың гектар алқаптан 360,0 мың тоннадан аса өнім алынады деп күтілуде. Мысалға Қазығұрт ауданындағы «Айқожа» өндірістік кооперативі осы науқанда әр гектардан 20-25 центнерден өнім аламыз деген үміттері бар. Шаруашылық басшысы Сағидулла Батырбай «Өткен жылы құрғақшылық болып, 18 центнерден өнім алдық. Соның өзінде ұжым мүшелерінің барлығын тегін ұнмен, басқа да азық-түліктермен қамтамасыз еттік. Егін оруды бастағанымызға бір апта болды. Түсім жаман емес» деп, биыл мол табысқа кенелетініне сеніммен қарап отыр. «Алла қаласа, 1-1,5 айдың ішінде астықты төкпей-шашпай жиып аламыз» дейді оңтүстікқазақстандық шаруалар.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!