Алматының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқын жеңіп алуға барлық мүмкіндігі бар

Фотография - Алматының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқын жеңіп алуға барлық мүмкіндігі бар

Алматының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқын жеңіп алуға барлық мүмкіндігі бар. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

135 0

Алматының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқын жеңіп алуға барлық мүмкіндігі бар. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ұсыныстар қабылдау 14 қараша күні аяқталады. Қазақстан қысқы олимпиада ойындарын өткізуге бұған дейін 2 рет әрекет жасап, ол әртүрлі кезеңде аяқталған болатын. Бұл жолы бізде мүмкіндік мол», - дейді П. Новиков. Оның айтуынша, 2015 жылы 31 маусымда Куала-Лумпурде өтетін Олимпиадалық комитеттің сессиясында сайлау арқылы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қала анықталады. Қазақстан бұл шараға 2010 жылы өткен 7-қысқы Азия ойындары мен 2017 жылы болатын қысқы Универсиада ойындары арқылы кезең-кезеңімен қадам жасауда. Елімізде болған сапарларында түрлі халықаралық спорт федерацияларының басшылары да Алматының әлеуетіне өте жоғары баға беруде.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!