Алматыда бірнеше басты көшелер ұзартылады

Фотография - Алматыда бірнеше басты көшелер ұзартылады

Алматыда қаланың бірнеше басты көшелері ұзартылады, атап айтқанда  Төле би, Сәтпаев және Райымбек даңғылы, деп хабарлайды BNews.kz.

168 0

 Алматыда қаланың бірнеше басты көшелері ұзартылады, атап айтқанда  Төле би, Сәтпаев және Райымбек даңғылы, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазіргі кезде біз берілген жолдарды ұзартып, оларды Шығыс айналма жолына қосу амалдарын қарастырудамыз. Сондай-ақ Талғарға, Қаскелең мен Қапшағайға шығу мүмкіндіктері де қарастырылуда және Ақан сері көшесін ұзарту жұмыстары басталып та кетті», - деп мәлімдеді Алматы қаласы жолаушылар транспорты мен автокөлік жолдары басқармасының бастығы Владимир Меренков.

Шығыс айналма жолымен жүру ақылы болатыны туралы сұраққа басқарма бастығы, бұл уақыт еншісінде, деп жауап берді.

Болашақта салынатын жолдарды алып жатқан жер телімдерін сатып алуға бюджеттен 2 миллиард тенге болініп қойған дейді В. Меренков.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!