Ресейде қазақ депутатын шіркеуге кіргізбей қойған

Фотография - Ресейде қазақ депутатын шіркеуге кіргізбей қойған

Қазақстан парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықованы Ресейдегі шіркеулердің бірінде шіркеу қызметкері жолын бөгеп, кіргізбей қойыпты, деп хабарлайды baq.kz.

234 0

Қазақстан парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықованы Ресейдегі шіркеулердің бірінде шіркеу қызметкері жолын бөгеп, кіргізбей қойыпты, деп хабарлайды baq.kz.

«Мен жуырда Ресейдегі шіркеулердің біріне кірдім. Шіркеу қызметкерлері: «Сен христиан емессің, сондықтақ саған мұнда кіруге болмайды, шық», деп шіркеуден қуып шықпақшы болды. Алайда, абырой болғанда, жанымда христиан досым бар болатын. Ол шіркеу басшысына: «Қазақстанда кез келген адамға – мейлі ол мұсылман, мейлі буддист, мейлі католик болсын – шіркеуге кіруге тыйым салынбаған. Мен мәселен христиан болсам да, емін-еркін мешітке кіріп-шыға беремін», деді. Мен қалай шоқыну керектігін де білетінімді, тіпті Иерусалимді тауап еткенімді және Христиандардың ең киелі орындарында болғанымды айттым. Сонан соң кішкене жібігендей болып, соңында шіркеуге кіргізді. «Дей тұрғанмен, сен кеткен соң шіркеудің ішін аластап шығам», деп ескертті. Мен кеткен соң, ол расында шіркеуді аластап, қасиетті сумен артымнан бүркеп жатты. Қазақстанда мұндай сұмдықты көрмеппін. Мен осындай көп ұлтты, қонақжай және доскөңілді елде тұратынымды мақтан етемін», - дейді Сыздықова.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!