Қазақстанда Facebook-ке кіру қиындағаны айтылды

Фотография - Қазақстанда Facebook-ке кіру қиындағаны айтылды

Интернетке "Қазақтелеком" провайдері арқылы қосылған кейбір қолданушылар әлеуметтік желілерде тек осы желінің ашылмай тұрғанын жазып жатыр.

270 0

Қазақстанда кейбір Facebook қолданушылар кешеден бері әлеуметтік желіге кіру қиындағанын айтуда. Интернетке "Қазақтелеком" провайдері арқылы қосылған кейбір қолданушылар әлеуметтік желілерде тек осы желінің ашылмай тұрғанын жазып жатыр.

"Қазақтелеком" компаниясының қоғаммен байланыс бойынша менеджері Сара Бакирова Азаттық тілшісіне Facebook-тің ашылмай тұрғаны туралы абоненттерден ешқандай шағым түспегенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, компания коммерциялық ұйым болғандықтан "қандай да бір ресурсқа шектеу қою компания үшін тиімсіз".

Интернет қолданушылар  әлеуметтік желілерде шектеу қойылған сайттар мен ресурстарға кіру тәсілдерімен бөлісіп жатыр.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!