Прокурорлардың көмегімен 4 млрд теңгеге жуық жалақы өндірілді

Фотография - Прокурорлардың көмегімен 4 млрд теңгеге жуық жалақы өндірілді

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлімдеді.

122 0

2013 жылдың І жартыжылдығында прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 4 млрд теңгеге жуық жалақы қарызы өтелді. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлімдеді.

«Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 4 млрд теңгеге жуық жалақы қарызы өтелді. Соның арқасында 65 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды», - деді А.Дауылбаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес, ана мен баланы қорғау мәселесіне баса назар аударылуда. Жыл басынан бері жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 120 мыңға жуық кәмелет жасына толмаған баланың құқығы қорғалған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!