Астанада бірегей «Тарлан» мұз аренасы ашылды

Фотография - Астанада бірегей «Тарлан» мұз аренасы ашылды

Бүгін елордада бірегей жаңа «Тарлан» мұз аренасының ашылуы өтті. Мұз аренасы негізінен хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан кәсіби, жартылай кәсіби және әуесқой пайдаланушылар үшін жаттығу кешені ретінде жоспарланған.

348 0

Бүгін елордада бірегей жаңа «Тарлан» мұз аренасының ашылуы өтті. Мұз аренасы негізінен хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан кәсіби, жартылай кәсіби және әуесқой пайдаланушылар үшін жаттығу кешені ретінде жоспарланған. 

«Жоба бірінші кезекте, балалар мен жаңа бастап жүрген спортшыларға арналған. Біздің міндетіміз жас хоккейшілер үшін жаттығу алаңын жасау еді. Сонымен қатар, мұнда мәнерлеп сырғанау мектебі де айналыса алады. Мұз айдыны болашақ спортшылар мен жаппай сырғанауға арналған»,- деді «Каспий» спортты дамыту қоры» ҚҚ төрағасы Ғазиз Шаханов.

«Тарлан» мұз аранасын жобалаушылардың алдына қойған мақсаты - құрылыс пен мұз айдынының озық тәжірибелерін пайдалана отырып, жинақы, тиімді де ыңғайлы кешен салу болды.

Оның ерекшелігі сонда - керемет сәулет өнерінен бөлек, жоба жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған.

Арена австриялық жүйеде тұрғызылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Астанада мұндай ғимарат тұңғыш рет пайдалануға беріліп отырған көрінеді. Жоба өте қысқа мерзімде - 9 айда салынды.

«Бапкерлер бұл мұз айдынына өте жоғары баға берді. Тағы бір ерекшелігі, мұндағы мұз ерімейді. Біз өз мұз алаңымызды басқа нысандар жабық жаз кезінде де ұсына аламыз. Алаңымыздың барынша тиімді екендігін атап көрсеткіміз келеді», - деді Ғазиз Шаханов.

Нысанның ресми таныстырылымын өткізгеннен кейін, мұз аренасының аумағына экскурсия жасалды. «Барыс» БЖСК хоккейшілерінің өнерлері тамашаланды.

Елордадағы жаңа спорт нысаны «Каспий» спортты дамыту қоры» ҚҚ бастамасымен жүзеге асты.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!