Халықаралық «Алтын Үкі» жарысында Қазақстан Қарулы Күштері жеңімпаз атанды

Фотография - Халықаралық «Алтын Үкі» жарысында Қазақстан Қарулы Күштері жеңімпаз атанды

Бүгін Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында арнайы мақсаттағы барлау топтарының «Алтын Үкі» халықаралық жарысы аяқталды

220 0

Бүгін Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында арнайы мақсаттағы барлау топтарының «Алтын Үкі» халықаралық жарысы аяқталды.

Жарыстың салтанатты жабылуына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қатысты. Бұл туралы аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

- «Алтын үкі» халықаралық жарысын өткізу оған қатысушы елдер қарулы күштерінің барлау топтары үшін үлкен маңызға ие, - деді Қорғаныс министрі. - Осы жерге Қазақстан, Ресей, Иордания, Қытай және Тәжікстан қарулы күштерінің барлау топтары жиналды. Әскери қызметшілер әділ тартыспен өткен күресте жарысып қана қойған жоқ, бір-бірінен үйреніп, өзара тәжірибе алмасты.

Барлау бөлімшелерінің жарыс барысындағы жұмыстарын саралаған Әділбек Жақсыбеков сайыста көшбасшы болған Қазақстан Қарулы Күштері барлау командасының кәсібилігіне жоғары баға берді. Екінші орынды Қытай халықтық азат ету армиясының барлау тобы иеленсе, Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің өкілдері үшінші орынды еншіледі.

Бес күнге созылған жарыста барлаушылар жоғары дене даярлығы деңгейін және атыс дайындығын, мина жару ісіндегі, әскери-медициналық және радио даярлық бойынша білімдерін, таныс емес жерде бағдарлау және картамен жұмыс істей білетіндіктерін дәлелдеді.

Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Олар бірінен соң бірі демалыссыз өткізілді. Бұл өз кезегінде қатысушылар үшін төзімділік сынағы болды.

Алдымен, барлау топтарына үш шақырымнан тұратын «барлаушы жолағынан» өтуге тура келді. Ол қабырға, тікенек сымдар, жартастар және су кедергілері сияқты елуден астам элементтен тұрады. Кедергілер жолағынан өту барлаушылардан айтарлықтай дене даярлығы мен психологиялық даярлықты, ептілік пен шыдамдылықты талап етті.

Сынақтың алғашқы кезеңінде барлау топтары түнгі жағдайда 30 шақырым жерді артқа тастап, арнайы іс-шаралар орындайтын ауданға шықты. Жарыстың шешуші кезеңін барлаушылар қару-жарақпен 10 шақырымдық марш жасаумен аяқтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!