Ел аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Фотография - Ел аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Қазақстан териториясының басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай ойнап, ұйытқыған жел соғуыы мүмкін, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

385 0

Қазақстан териториясының басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай ойнап, ұйытқыған жел соғуыы мүмкін, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін соғуы ықтимал. Қостанайда, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің күші 15-22 м/с-қа жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және күндіз Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түседі.

Шығыс Қазақстан мен Маңғыстау облысының кей жерлерінде ыстық болады деп күтілуде.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өрт қаупі сақталуда, сонымен қоса орталық пен  солтүстік-батыс өңірлерде де өрт қаупі бар.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!