Қазақстан 400 тоннадан астам «меланжды» Ресейге жөнелтті

Фотография - Қазақстан 400 тоннадан астам «меланжды» Ресейге жөнелтті

 Алматы облысында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің техникалық мамандары ОБСЕ-нің, Ресей Федерациясы мен Украинаның сарапшы мамандарының тікелей қолдау көрсетуімен «меланж» зымыран отынының пайдаланылмаған төрт жүз он тоннасын Ресейге мамандандырылған кәсіпорындарда қайта өңдеуге жөнелту жұмыстарын аяқтады

199 0

 Алматы облысында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің техникалық мамандары ОБСЕ-нің, Ресей Федерациясы мен Украинаның сарапшы мамандарының тікелей қолдау көрсетуімен «меланж» зымыран отынының пайдаланылмаған төрт жүз он тоннасын Ресейге мамандандырылған кәсіпорындарда қайта өңдеуге жөнелту жұмыстарын аяқтады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қорғаныс Миністірлігінің баспасөз қызметі.



Одақ тараған соң Кеңес Армиясының орташа және жақын қашықтықтағы зымырандар мен зымыран кешендеріне пайдаланылатын «меланж» отынының мол қоры бұрынғы одақтас елдердің аумағында қалып қойған болатын.

Қазақстанда бұл отын қоры Алматы облысындағы Сарыөзек кентіне жақын жерде Қорғаныс министрлігінің арнайы цистерналарында сақталып келген.

Қауіптілігі өте жоғары бұл сұйықтықтың ұзақ уақыт тұрып қалуы қоршаған орта мен жергілікті халыққа қауіп төндірген.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында ОБСЕ-ге «меланжды» утилизация жасауға алып кетуге жәрдем көрсету туралы өтініш жасаған болатын.

ОБСЕ-ге берген бұл өтініш 2006 жылдан бері қарастырылуда болды. Осы уақыт аралығында Қазақстан мен ОБСЕ-нің техникалық сарапшылары арасында бірнеше мәрте келіссөздер жүргізілді.

Уағдаластықтың нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен ОБСЕ заңдық, қаржылық және техникалық аспектілерді айқындайтын бірлескен жобаға қол қоюға қол жеткізді.

Аталған жобаны қаржыландырудың үлкен бөлігін қазақстандық тарап өз мойнына алды. Алайда, жобаға донор болып, қаржыландыруды қамтамасыз еткен Испания Корольдігінің қосқан үлесін де атап өткен жөн.

Сонымен, Қазақстанның аса қауіпті, химиялық белсенді сұйықты елімізден шығару туралы ОБСЕ-мен бірлескен жобасы сәтті аяқталды.

ОБСЕ-мен бірлескен жобаны жүзеге асыру Қазақстанның қару-жарақты таратпау және бақылау саласындағы халықарылық міндеттемелерді орындаудағы кезекті қадамы болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!