ҚР ҰҚК Шекаралық қызмет жауынгерлері оқ ату бойынша чемпионатқа қатысуда

Фотография - ҚР ҰҚК Шекаралық қызмет жауынгерлері оқ ату бойынша чемпионатқа қатысуда

 Бүгін ТМД қатысушы мемлекеттер шекаралық ведомстволары спартакиадасы аясында соғыс қаруынан оқ атудан чемпионат басталды.

189 0

 Бүгін ТМД қатысушы мемлекеттер шекаралық ведомстволары спартакиадасы аясында соғыс қаруынан оқ атудан чемпионат басталды.

Спорттық шараға ҚР ҰҚК Шекаралық қызмет жауынгерлері белсенді түрде қатысуда.

Жарыс ТМД мемлекеттері Шекаралық әскерлер қолбасшыларының кеңесі шараларының жоспарын жүзеге асыру мақсатында Ресей Федерациясының Ярослав облысында ұйымдастырылып отыр.

«Чемпионат бірнеше кезеңде өткізіледі. Олардың қорытындысы бойынша үздіктер анықталмақ. Жарыс 20 шілдеге қарай аяқталады деп күтілуде», - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық аренада спорттық шараларға ҚР ҰҚК Шекаралық қызмет делегациясының қатысуы игі дәстүрге айналған. Біздің шекарашылар үнемі жүлделі орындарды иеленіп жүр.

 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!