EGOV.KZ арқылы жылжымайтын мүлiкке техпаспорт алуға болады

Фотография - EGOV.KZ арқылы жылжымайтын мүлiкке техпаспорт алуға болады

 деп хабарлайды «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі

394 0

Жылжымайтын мүлiк нысандарының техникалық паспортын алуға өтініш беру едәуір жеңілдеді. Енді электронды үкіметтің www.egov.kz порталы арқылы онлайн өтініш берсеңіз болғаны шаруаңыз бітеді, деп хабарлайды «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі.

«Келесі қадам – Жылжымайтын мүлік орталығының қызметкерінің қоңырауын күту. Мамандар клиентке техник келетін уақыт ыңғайлы болу үшін қоңырау шалады. Онлайн өтініште құқық беретін құжаттың скан-көшірмесі және қызметке төлем жасалғаны жайлы түбіртек қоса болуы қажет. Болашақта қызметті электронды үкіметтің порталы арқылы онлайн түрде төлеуге мүмкіндік ашылады. Өтініш қабылданбаған жағдайда, пайдаланушының жеке кабинетіне бас тарту себебін түсіндірген дәйекті жауап қайтарылады», - делінген хабарламада.

Сонымен, өтініш беруші атқарушы органға құжат тапсыру үшін бармайды. Онлайн өтініш берілгеннен кейін, клиент белгіленген уақытта ХҚКО-ға дайын құжатты алуға келеді. Бұрын өтініш беруші мемлекеттік органға 5 не одан да көп құжаттармен келіп, техпаспортты 5-тен 30 күнге дейін күтетін.

Дайын техникалық паспортты беру мерзімі жылжымайтын мүлік нысанының түріне байланысты. Мысалы, пәтерлер мен жатақханадағы бөлмелерге құжат үш жұмыс күні аралығында беріледі. Үйлер, гараждар, саяжайларға жеті жұмыс күні аралығында, ауданы 1000 ш. метрге дейінгі объектілерге техпаспортты он күнде, ал ауданы 1000 ш. метрден астам объектілерге жиырма күн аралығында алуға болады.

Техпаспорт алу уақытының қысқаруына бизнес процесті автоматтандыру мен оңтайландыру, қызмет көрсету кезінде халықтан талап етілетін құжаттар санының азаюы мүмкіндік беріп отыр.

Бүгінде бұл қызмет Астана мен Алматы қаласында іске қосылды. Пилоттық режимі аяқталғаннан кейін қызмет республиканың барлық аймақтарында колжетімді болады.

Толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы, сонымен қатар, тәулік бойы жұмыс атқаратын call-орталық мамандарынан 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Ұялы немесе қала телефондары арқылы қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.

 

bnews.kz cайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!