Бір әкім лауазымына үш үміткерден келіп отыр

Фотография - Бір әкім лауазымына үш үміткерден келіп отыр

Республиканың барлық өңірлерінде Қазақстанның аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдары әкімдігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды

141 0

Республиканың барлық өңірлерінде Қазақстанның аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдары әкімдігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлім етті.

«Республика бойынша 7162 кандидат ұсынылды. Атап айтқанда бір әкім лауазымына орташа есеппен 3 үміткерден келіп отыр»,-деді ол.

Ұсынылған кандидаттардың 17,3 пайызы ауыл шаруашылығы саласының мамандары, 15,5 пайызы - экономистер, 12,8 пайызы - инженерлер, 9,7 пайызы - заңгерлер.

«Сонымен қатар 25,3 пайызы қазіргі әкімдер, 61,9 пайызы мемлекеттік мекемеде, ұйымдарда және кәсіпорындарда жұмыс істейді, сондай-ақ 4,2 пайызы мемлекеттік емес саланың қызметкері болып табылады», - деді В. Жексембекова.

Әкімдікке кандидаттардан қажетті құжаттарды алғаннан кейін сайлау комиссиялары үміткерлердің ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Әкімдерді сайлау қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексеруді ұйымдастырады.

«Осы уақытқа дейін 329 кандидат тіркелді. Тіркеу рәсімі еліміздің барлық облыстарында дауыс беру күніне 15 күн қалғанда аяқталады»,-деді баспасөз хатшысы.

Ұсынылған кандидаттар құрамында 33 ұлт өкілі бар. Олардың 75,6 пайызы ерлер, ал 24,4 пайызы әйел азаматшалар. Кандидаттардың орташа жасы 44,4-ті құрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!