Жеңіл жүрісті қыздарға пәтерін жалға бергендер заңмен жауапқа тартылатын болады

Фотография - Жеңіл жүрісті қыздарға пәтерін жалға бергендер заңмен жауапқа тартылатын болады

Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі Кодекске жаңа бап енгізілді. Ішкі істер министрлігі бүгін салынатын айыппұл көлемін жария етті.

230 0

Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі Кодекске жаңа бап енгізілді. Ішкі істер министрлігі бүгін салынатын айыппұл көлемін жария етті. Атап айтқанда, жезөкшелерге жалға пәтер берген жеке тұлғалар 100 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғалар 200, ал шағын және орта бизнес өкілдері 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады.

НАРИМАН ҚҰЛДЫҚОВ, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

-Заңға өзгеріс енгізудегі мақсат адам саудасымен күрес саласындағы заңнаманы қатаңдату. Бұл заң бойынша 4 Кодекс толықытырылды. Қайыршылықпен және жезкөшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер және түнгі көбелектерге пәтер жалға бергендер жазаланатын болады.

Полицейлер осы күнге дейін пәтер жалға берушілердің бұл ісіне араласа алмайтын. "Жаңа өзгеріске байланысты интимдік бизнестің қарқынын азайтуға мүмкіндік туды", - деп хабарлайды  baq.kz


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!