Қазақстанда қойдың жаңа тұқымдары шығарылды

Фотография - Қазақстанда қойдың жаңа тұқымдары шығарылды

Елімізде қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының екі жаңа зауыт желісі ашылды, деп хабарлады С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспасөз қызметі.

216 0

Елімізде қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының екі жаңа зауыт желісі ашылды, деп хабарлады С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспасөз қызметі.

«ҚР Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, Қазақстанның жоғарғы мектебі ғылым академиясының академигі Рашит Қазыхановтың «селекциялық жетістік» (мал тұқымы) жаңа ғылыми еңбегін патенттеді», - делінген ақпаратта.

Жаңа зауыт желілері жергілікті бағаналы құйрықты қойларды еділбай тұқымды қойларға алмастыру арқылы жүзеге асады.

ЖОО-дан атап өткендей, бұл Қазақстанда алғаш рет солтүстік өңірлерге бейімделген етті-майлы қойлар мен құйрықты қойлардың жаңа зауыт желілері болып табылады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!