Елімізде шетелдік инвестиция қатысатын 400 жоба бар

Фотография - Елімізде шетелдік инвестиция қатысатын 400 жоба бар

Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау осылай айтты.

182 0

Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау осылай айтты.

«Инвестицияларды тарту бойынша соңғы жылдары 38 бизнес-форум, 10 роуд-шоулар ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде инвестицияның жалпы мөлшері 16 млрд. долларды құрайтын 276 келісімшарттар, меморандумдарға қол қойылды», - деді А. Рау.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда шетелдік инвестиция қатысатын 400 жоба бар, соның 86-сы қолданыста болса, 112-мен жұмыс жалғасуда, ал 200-і әлеуетті жобалар ретінде қарастырылып отыр. «Жалпы, бізде шетелдік инвестицияларды тарту бойынша елшіліктен өңірлерге дейінге аралықтағы жүйелі жұмыстар жолға қойылды деп айтуға болады. Бұл бағытта да нысаналы көрсеткіштер айқындалған», - деді А. Рау.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!