Қызылордада 16 мектеп директоры қызметтерін босатты

Фотография - Қызылордада 16 мектеп директоры қызметтерін босатты

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатаң ескертуінен соң, 16 мектептің директоры өз еріктерімен арыз жазып, жұмыстан кетті.

203 0

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатаң ескертуінен соң, 16 мектептің директоры өз еріктерімен арыз жазып, жұмыстан кетті. Білім басқармасының басшысы «олар өз айыптарын білді», - деп отыр. Алайда, жауапкершілікті сезінгендердің саны әлі де аз дегенді айтады.

Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Руслан Чагай: «Біз бірде бір адамды ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен босатқан жоқпыз. Жұмысындағы нәтижесі дұрыс болмаса, оң нәтижесін бермесе ол мәдениетті адам ретінде, сана-сезімі жоғары адам ретінде өз еркімен отставкаға кету керек. Бізде өкінішке орай ондай басшылар өте аз» дейді.

Естеріңізде болса, осыған дейін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 27 мектептің директорына сенімсіздік білдіріп, «орындарыңды босатыңдар», - деген болатын. Өз еріктерімен жұмыстан кетіп жатқан сол басшылардың алғашқы легі бұл.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!