Қазақстанға шетелдік инвестицияның рекордтық көлемі тартылды

Фотография - Қазақстанға шетелдік инвестицияның рекордтық көлемі тартылды

2012 жылы Қазақстан экономикасына 22,5 млрд. доллар көлемінде рекордтық шетелдік инвестиция тартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау хабарлады.

234 0

2012 жылы Қазақстан экономикасына 22,5 млрд. доллар көлемінде рекордтық шетелдік инвестиция тартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау хабарлады.

«Қазақстанның экономикасына 171 млрд. доллар инвестиция тартылды, оның 48% немесе 81,6 млрд. доллары - соңғы төрт жылдың үлесі. Бұған дейінгі рекордтық көрсеткіш былтыр тіркелді - 22,5 млрд. доллар инвестиция тартылды, инвестиция 2011 жылмен салыстырғанда 7% пайызға өсті», - деді А.Рау.

Вице-министрдің айтуынша, соңғы жылдары инвестицияның құрылымы өзгеріп келеді, инвестициялардың 40% өңдеуші секторға ҮИИД бағдарламасының аясында тартылып отыр. А.Раудың айтуынша, бұл мақсаттар үшін 20 басымдықты инвестор-ел анықталып, олардың әрқайсысымен Жол карталары жасалған және трансұлттық компанияларды тартудың 136 басымдығы анықталды.

«Тікелей шетелдік инвестиция ағымына жүргізілген талдауға сүйенсек, Қазақстан 2012 жылы Түркия, Украина, Польша, Румыния, Беларусь және Әзірбайжан елдерінен озып, тікелей шетелдік инвестицияның нетто-ағымы бойынша да, жан басына шаққандағы ТШИ ағымы бойынша да көш бастап отыр», - деді Альберт Рау.

Үкімет отырысында вице-министр сондай-ақ, Қазақстанда арнайы экономикалық аумақтарды құруға 400 млрд. астам теңге салынғанын, оның үш ¾ бөлігі жекеменшік инвестициялар екенін айтты.

"Жалпы АЭА қызметінің барлық кезеңінде республикалық бюджеттен инфрақұрылым құрылысына 97,0 млрд теңге бөлінген. Жобаға салынған жеке инветициялар 308 млрд теңге сомаға енгізілген, яғни бюджеттік инвестициялардың 1 теңгесіне жеке инвестициялардың 3 теңгеден астамы тиесілі", - деді А.Рау.

ИЖТМ мәліметі бойынша қазақстандық АЭА аумағында 270 млрд. теңге сомаға өнім өндірілген. Сонымен қатар, ол 28 млрд теңгеге жуығы салық түрінде төленгенін, яғни бөлінген қаражаттың шамамен үштен бір бөлігі қайтарылғанын айтты.

Өз кезегінде, А.Рау АЭА жетілдіру шеңберінде аймақ жұмыстары толығымен қайта қаралғанын айтып өтті.

Осылайша, «АЭА туралы» Заң қабылданып, жеңілдіктер тізімі кеңейтіліп, АЭА-ты жекеменшік жерде құру мүмкіндігі қарастырылған, АЭА басқаруға білікті менеджмент тарту мүмкіндігі пайда болды, АЭА инфрақұрылымын дамытуға бюджет қаражатын бөлу артқан, яғни инвесторларға барынша жағымды жағдай жасалған.

Аталған шаралар нәтижесінде соңғы төрт жылда бюджеттен шамамен 44 млрд. теңге бөлінген, яғни бюджетпен салынған қаражаттың шамамен жартысы, жеке инвестицияларға 82 млрд. астам теңге тартылған.

Бұдан өзге, 2009 жылдан бастап АЭА кәсіпорындары 224 млрд. теңгеге өнім өндірген, бұл аймақтардың жұмыс жасау кезеңіндегі жалпы көлемнің 80 % астамын құрайды, деп хабарлады  baq.kz


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!