Қытай Елшісімен Қазақстан Қорғаныс министрі кездесті

Фотография - Қытай Елшісімен Қазақстан Қорғаныс министрі  кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжоу Лимен кездесті.

360 0

 Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжоу Лимен кездесті.

«Достық және көршілік тату қарым-қатынастық негізіндегі Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жемісті дамуын қанағаттанарлықпен атап өтемін. Екі мемлекет басшылары Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық бағыттағы өзара іс-қимылды, оның ішінде әскери-техникалық ынтымақтастық саласын нығайту мен кеңейтуді жалғастыру туралы келісімге келді», - деп атап өтті Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы.

Қазіргі уақытта екі ел Қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастық қол жеткізген әскери-техникалық өзара іс-қимылды, сондай-ақ әскери мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырудан тұрады. Бүгінде Қытайда 20 қазақстандық әскери қызметші білім алуда.

«Қазақстан мен Қытай белсенді саяси диалогты қолдайды және әскери саладағы сәтті дамып келе жатқан өзара іс-қимылдары бар. Соңғы үш жылда Қазақстан Қарулы Күштері қарқынды дамып келеді. Оны барлау топтарының «Алтын үкі» халықаралық жарысындағы жеңісі тағы бір дәлелдеді», - деп атап өтті Елші.

Тараптар ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Фань Чанлунның 18-20 шілдеге Қазақстанға жоспарланған ресми сапары Қазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығының жаңа кезеңінің бастауы болатынына сенім білдірді.


Тегтер:

қытай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!