Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, желдің екпіні күшейеді

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, желдің екпіні күшейеді

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін

181 0

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 17 шілдеде Қазақстанның көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде нөсерлі жауындар болып, тіпті бұршақ жаууы ықтимал, желдің екпіні күшейеді деген болжам бар. Тек елдің оңтүстігінде ғана жауын-шашын болмайды деп күтіледі.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысында да жел күшейіп, секундына 15-20 метрге дейін көтеріледі деп болжануда, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Республиканың солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігіндегі өзендердің басым бөлігінде су көлемінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның жазық аумағындағы өзендерде гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер болмайды деп күтіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!