«Протон-М» құлаған аймақта заласыздандыру жұмысы аяқталды

Фотография - «Протон-М» құлаған аймақта заласыздандыру жұмысы аяқталды

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Протон-М» ЗТ құлаған авария орнында удың күшін жою бойынша жұмыстар аяқталды

513 0

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Протон-М» ЗТ құлаған авария орнында удың күшін жою бойынша жұмыстар аяқталды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі.

 

Сәрсенбіде таратылған баспасөз хабарламасына сәйкес, удың күшін жою бойынша жұмыстар 2013 жылғы 16 шілдеде аяқталды. «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы 90 алаңда ҒТЗ қалдықтарын жинау және шығару бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

«Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК мамандары «Южный» ҒО экологиялық бақылау және мониторинг қызметі кешенімен келісе отырып, удың күшін жою нәтижелерін бағалау үшін удың күшін жоятын ерітіндімен өңделген аумақ топырағынан сынамалар алуды  2013 жылғы 26 шілдеге жоспарлап отыр.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!