Волейболдан Қазақстан құрамасы Түркияға аттанды

Фотография - Волейболдан Қазақстан құрамасы Түркияға аттанды

Бүгін волейболдан Геннадий Паршин жаттықтыратын Қазақстанның ерлер арасындағы ұлттық құрамасы Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанды

226 0

Бүгін волейболдан Геннадий Паршин жаттықтыратын Қазақстанның ерлер арасындағы ұлттық құрамасы Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанды.

Бас бапкер 1 тамызға дейін созылатын бұл жиынға «Алматы» клубынан Әсет Базарқұлов, Надирхан Кадирханов, Юрий Стулов, Дмитрий Горбатков, Антон Юдин, Виталий Мироненко, Максим Мамедов, Александр Стольников, Виталий Эрдштейн, Олег Веригин, Сергей Кузнецовты, Хромтаудың «ТНК Қазхром» клубынан Жақсылық Тілеулин мен Сергей Радкевичті, «Павлодар» клубынан Дамир Әубәкіровты, Оралдың «Конденсат» клубынан Виталий Вориводинді, Қызылжардың «Есіл» клубынан Максим Мищенконы шақыртқан. Бұл 26-31 тамызда Алматыда «Қазақстан Президенті кубогы» үшін болатын дәстүрлі халықаралық турнирге, Австралиядағы 6-8 қыркүйекте өтетін Әлем чемпионатының іріктеу турнирінің ақтық кезеңі мен 28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында БАӘ-де ұйымдастырылатын Азия чемпионатына дайындықтың маңызды кезеңі болмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!