Генерал Ильясовқа қатысты сот отырысы басталмақ

Фотография - Генерал Ильясовқа қатысты сот отырысы басталмақ

Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

191 0

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты ҚР ҰҚК-нің шекара қызметінің бұрынғы қызметкерлері, генерал-майор А.Ильясовқа, подполковник Д.Елемесовке, капитан А.Ғабдуллинге және аға сержант А.Есімовке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын тағайындады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

"Алғашқы сот отырысы 2013 жылдың 23 шілдесінде сағат 10.00-де өтеді.

Аталған қылмыстық іс ашық сот отырысында алқабилердің қатысуымен қаралады",-деп жазылған хабарламада.

Сотталушылар Қазақстан Республикасы ҚК-нің 311 бабының 5 бөлігі, 380-1 бабының 2 бөлігінің «в» тармағы, 235 бабының 3 бөлігінде көзделген ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан қылмыс жасағандары үшін айыпталған.

Тергеу органдарының мәліметі бойынша, генерал Ильясов және ол ұйымдастырған топтың мүшелері лауазымды тұлға бола тұра шетелдік азаматтардан әлденеше рет аса ірі мөлшерде пара алған.

Шекарашылар ақшаны «Батыс» аймақтық басқармасына қарасты ҚР мемлекеттік шекарасының «Бейнеу т/ж», «Тажет авто» және «Сырым авто» кедергісіз өткізілетін пунктерінде бопсалу арқылы алған.

Іс материалдарына сәйкес сотталушылардың барлығы 100 065 507 теңге пара алып, оңай олжаға кенелген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!