Бүгін Қазақстанның кей аймақтарында бұршақ жуу ықтимал

Фотография - Бүгін Қазақстанның кей аймақтарында бұршақ жуу ықтимал

Бейсенбі, 18-ші шілде күні еліміздің басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбырлы болады, бұршақ жауып, күшті жел соғуы ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

158 0

Бейсенбі, 18-ші шілде күні еліміздің басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбырлы болады, бұршақ жауып, күшті жел соғуы ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің болжауынша Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ жауу мүмкін, тек оңтүстік өңірде ауа райы ашық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін баратын жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында да күшті жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысында да түнде және таңертең тұманды болады деп күтілуде.

 


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!