Қазақстан Еуро-4 класты көліктерді кіргізуге дайын емес

Фотография - Қазақстан Еуро-4 класты көліктерді кіргізуге дайын емес

Жыл басынан бері елге тек жаңа көліктерді кіргізуге рұқсат етілген болатын. Әкелуін әкелдік ау су жаңа көліктерді, бірақ оларға қандай жанармай құямыз. Қазақстанда мұндай көліктерге құятын бензин тапшы болып шықты.

186 0

Жыл басынан бері елге тек жаңа көліктерді кіргізуге рұқсат етілген болатын. Әкелуін әкелдік ау су жаңа көліктерді, бірақ оларға қандай жанармай құямыз. Қазақстанда мұндай көліктерге құятын бензин тапшы болып шықты.

Еуро-4 жанармайы елімізге өте аз мөлшерде әкелінеді, бұған қоса, бұл бензин өте қымбат.

Енді «шабандоздар тұлпарларына жем таппай», сабылып жүргені. Мұндай бензин Қазақстанда өндіріледі, тек 2-класты ол. Ал жаңа көліктерге 1-класты бензин қажет екен – Қытайдан әкелінетін. Бар үміт Ресейде. Алайда, мұнда да екі кем тұсы бар, біріншіден – орыс ағайындар жанармайды аз жібереді, екіншіден – бағасы әкесінің құнындай. Саясат жатуы мүмкін мұның астарында.

Еуро-4 және Еуро-5 стандартты бензин тек ірі жанармай стансаларында және өте қымбат сатылады. Қымбат болғандықтан, оны құятындар некен-саяқ. Сұраныс жоқ, осы себепті бензин өте аз мөлшерде әкелінеді.

«Гелиос» ЖШС технологиялық және сапалық бақылау бөлімінің басшысы Светлана Кузьмичева: «Бұл жанармайды екінің бірі сата бермейді, өйткені, басқасын айтпағанда оның логистикасының өзі өте қымбат. Сондықтан, мұндай бензинді әкеліп, оны қалай сатамын деп басты ауыртқанша, баяғы диірменімді тартып, күнімді көргенім артық», - дейді.

Олег Бабаносов – көлік жөндеуші: «Әдетте, көліктің жиі бұзылуы бензиннің сапасыздығынан. Бензин багына сапасы нашар жанармацй құйылғанда, көліктің білтесі күйеді, катализаторлары еріп, уатылады. Соның салдарынан электроника жүйесі тұтасымен жарамсыз болып қалады.

Республикамызда мұнай өңдейтін зауыттар Еуро-4 және Еуро-5 стандартты жанармайды толығымен жаңартылғаннан кейін шығарады. Ал зауыттар тек 2016 жылдың соңына қарай жаңартыла бастайды, ол уақытқа дейін жаңа көлік иелеріне қолда барды қанағат етуіне тура келеді.


Тегтер:

машина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!