Ішкі әскер сабы жас сардарлармен толығуда (фото)

Фотография - Ішкі әскер сабы жас сардарлармен толығуда (фото)

Ішкі әскердің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері Петропавлдағы Ішкі әскер әскери институтын бітірген 53 жас сардармен толықты, деп хабарлайды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Дархан Мұханов.

272 0

Ішкі әскердің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері Петропавлдағы Ішкі әскер әскери институтын бітірген 53 жас сардармен толықты, деп хабарлайды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Дархан Мұханов.

«Бүгін,18 шілде Алматы қаласында орналасқан 5571 әскери бөлімінде жас офицерлерді салтанатты қарсы алу шарасы өтті. Оған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Әлібек Серәлиев, қолбасшылықтың штаб бастығы – қолбасшының бірінші орынбасары Андрей Каскеленов, қолбасшының бағыттар бойынша орынбасарлары Шерімхан Шаңбаев, Нұрбай Бектұрсынов, Вячеслав Гайдаев қатысып өңірлік қолбасшылықтың қызметтік-жауынгерлік жұмысымен, әскери бөлімдер мен олар орналасқан аймақтардағы ахуалмен таныстырды».

«Кездесуде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының жас сардарларды взвод командирлері, рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарлары лауазымдарына тағайындау туралы бұйрықтары оқылып, нұсқаулықтар табыс етілді. Қолбасшы бұйрығына сай олар енді өңірлік қолбасшылықтың Алматы, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Қызылорда қалаларында орналасқан әскери бөлімдерінде әскери қызмет атқаратын болады» - делінген хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!