Роскосмос «Протон-М» апатының себебін жария етті

Фотография - Роскосмос «Протон-М» апатының себебін жария етті

«Протон-М» зымыран-тасымалдағышы бұрыштық жылдамдықтардың құрылғылары (датчик) дұрыс орнатылмауына байланысты апатқа ұшырады. Бұл туралы Роскосмос басшысының орынбасары Александр Лопатин айтты

159 0

«Протон-М» зымыран-тасымалдағышы бұрыштық жылдамдықтардың құрылғылары (датчик) дұрыс орнатылмауына байланысты апатқа ұшырады. Бұл туралы Роскосмос басшысының орынбасары Александр Лопатин айтты, деп хабарлайды ВВС.

Оның айтуынша, кешенді тексерудің нәтижесінде мамандар алты датчиктің үшеуі 180 градусқа төңкеріліп қойылған, осыған орай зымыранды басқару жүйесі өзінің бағыты жайында қате мәліметтерді алып отырған.

Құрылғыларды дұрыс орнатпаған кінәлілер анықталған көрінеді.

Апатқа қатысты тексеру деректері Бас прокуратураға жіберілген екен. Еске салсақ, ДМ-03 үдеткіш блогы және «Глонасс-М» үш ресейлік навигациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы 2 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08.38-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының №81 алаңынан ұшырылымы жоспарланған болатын. «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылымның 10 секундында жерге құлап, жарылды. Апат ұшыру алаңынан 2-3 шақырым жерде орын алды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!