Маусым айында еліміздегі жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті 2 пайызды құрады

Фотография - Маусым айында еліміздегі жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті 2 пайызды құрады

Жедел деректерге сәйкес ағымдағы жылғы маусымда ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 77,7 мың адам қабылданып, түрлі себептермен 78,3 мың адам жұмыстан кетті.

259 0

Жедел деректерге сәйкес ағымдағы жылғы маусымда ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 77,7 мың адам қабылданып, түрлі себептермен 78,3 мың адам жұмыстан кетті.

Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 84,7 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 2 пайызды, басқа себептер бойынша кеткендер 13,3 пайызды құрайды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылғы маусымда қабылдау бойынша айналым коэффициенты - 2,4 пайыз,  жұмыстан босату бойынша айналым - 2,4 пайыз, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті 2,0 пайызды құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 99,2 пайызды құраған - деп хабарлады ҚазАқпарат

 


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!