Әскери тікұшақтар Қазақстандада шығарылатын болды

Фотография - Әскери тікұшақтар Қазақстандада шығарылатын болды

 Астанада келесі жылы тікұшақ зауытының конвейерлерінен шығарылатын жаңа тікұшақтардың макеті көрсетілді

218 0

 Астанада келесі жылы тікұшақ зауытының конвейерлерінен шығарылатын жаңа тікұшақтардың макеті көрсетілді. Осы уақытқа дейін республикамызда жолаушылар мінетін ұшақтар құрастырылып келген. Енді, алдағы уақытта Қазақстан қару нарығына да өз өнімдерін ұсына алады.

Таныстырылған бұл нұсқаның болашақ шығарылатын әскери тікұшақтардан еш айырмашылығы жоқ. Пулеметі, түнде бақылау құралдары және «Қазақстанда шығарылған» таңбасы, бәрі-бәрі бірдей болады. Ұшақтың қосалқы бөлшектері Германияда, Францияда және Испанияда шығарылады.

Астанадағы құрастыру цехтері жылына кемінде 10 тікұшақ шығарады. Қазір Қорғаныс министрлігі мұндай аппараттың 4 данасын сатып алмақшы. Бұған қоса, EC-645 тікұшағына Шекара қызметі мен Ішкі әскерлердің өкілдері де қызығушылық білдіріп отыр. Қазақстанда шығарылған тікұшақтар Моңғолияға, Әзірбайжанға, Түркіменстанға және өңірдегі өзге де мемлекеттерге экспортталады.

«Тікұшақтың мұндай түрі әлемде жоқ. Оның алғашқы нұсқасы 2014 жылы шығарылады. Қазір Германия 15 ұшақ сатып алуға келісім жасады, Америка да Қазақстан өнімін сатып алуға ниетті», - дейді «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС қаржы директоры Қарыбай Әблезов - деп хабарлады baq.kz

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!