Қазақстандық делегацияның Ұлыбритания мен Нидерланд елдеріндегі кездесулерінде жоғары басқарушылықкорпусын құру мәселелері талқыланды

Фотография - Қазақстандық делегацияның Ұлыбритания мен Нидерланд елдеріндегі кездесулерінде жоғары басқарушылықкорпусын құру мәселелері талқыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов басқарған қазақстандық мемлекеттік қызметшілер делегациясы Ұлыбритания және Нидерланд елдерінде жұмыс сапарымен болды.

274 0

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов басқарған қазақстандық мемлекеттік қызметшілер делегациясы Ұлыбритания және Нидерланд елдерінде жұмыс сапарымен болды.

Еуропалық әріптестермен пікір алмасу кезінде жоғары басқарушылық корпусын құру мәселелері әңгіме өзегіне айналды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұл сапар Еуропалық одақтың «Қазақстан үкіметінің мемлекеттік қызметін реформалау және жаңғырту» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері Ұлыбританиядағы мемлекеттік басқару саласын үйлестіруші құзіретті органдар басшылығымен және лауазымды тұлғалармен кездесті. Атап айтсақ, Ұлыбританияның мемлекеттік қызметін басқарушы Сэр Боб Керслейкпен, Мемлекеттік қызмет саласындағы бірінші комиссар Сэр Дэвид Нормингтонмен, Өкілдер палатасының Мемлекеттік басқару арнайы комитетінің төрағасы Бернард Дженкинмен және Қоғамдық өмір стандарттары комитетінің төрағасы Дэвид Принспен кездесті.

Жүздесулер барысында мемлекеттік қызметтің жоғары буынын құру («А» басқарушылық корпусының аналогы), мемлекеттік қызметшілердің мінез-қылығының этикалық нормалары, кадрларды кәсіптік дамыту, оқыту және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері талқыланды. Тараптар мемлекеттік қызметті жетілдіру жолында білім мен пікірлер алмасуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Әлихан Бәйменов «бұл сапар жалпы Қазақстандағы мемлекеттік қызметті реформалау дамыған елдердің мемлекеттік қызметінің үрдісіне сәйкес бағытпен жүргізіліп жатқанының тағы бір рет дәлелдеді» деп атап өтті. Бұның кадрларды іріктеу және қызмет бабымен көтермелеуге де, мемлекеттік қызметшілерді бағалауға да қатысы бар. Сонымен қатар, британ жағы мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделімен танысып, оның алдыңғы қатардағы елдердегі реформаларға сәйкестігін атап өтті.

Қазақстандық делегация мемлекеттік қызмет саласын оқытатын бірқатар еуропалық институттар мен жоғары оқу орындарында болды. Делегация Эдинбург университеті, Лейден университеті басшылығымен кездесіп, сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан және тәжірибеден өтуші студенттермен де жүздесті.

Нидерландта да басқарушылық корпустың қызметі талқыланды. Бұл елде мемлекеттік қызметшілердің жоғары буынының персоналын басқарудың алдыңғы тәжірибесі жинақталған және таланттарды басқарудың тиімділігі жоғары жүйесі енгізілген. Қазақстандық делегация мүшелері Нидерландтың Ішкі істер министрлігі, Жоғары мемлекеттік қызмет кеңсесі, Қаржы министрлігі және Сыртқы істер министрлгінің өкілдерімен кездесті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!