Талғат Нығметов Дін істері басқармасының басшысыболып тағайындалды

Фотография - Талғат Нығметов Дін істері басқармасының басшысыболып тағайындалды

 Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Талғат Нығметов БҚО Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды

255 0

 Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Талғат Нығметов БҚО Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Дін істері агенттігінен хабарланды.

Нығметов Талғат Рақымұлы 1961 жылы туған, 1983 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын, 2006 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

1983-1984 жылдары Фурманов аудандық Мәдениет үйінің әдіскері.

1984-1986 жылдары «Орал» санаториясының мәдени-ағарту қызметкері.

1986-1987 жылдары әскер қатарындағы қызметте.

1987-1992 жылдары «Уральскпромстрой» тресі комсомол комитетінің хатшысы.

1992-2008 жылдары Бөрлі ауданы әкімшілігі жастар, спорт және туризм жөніндегі комитетінің төрағасы, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының жетекшісі,  аудан әкімінің орынбасары, Ақсай қаласындағы «Жаңа Әлем Құрылыс» ЖШС директорының орынбасары.

2008-2009 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бас инспекторы.

2009-2011 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары.

2010 жылдан Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы Діни істері департаментінің директоры.


Тегтер:

БҚО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!