Қызылорда қаласында 291 млн. теңгеге жылу магистральдары жөнделіп жатыр

Фотография - Қызылорда қаласында 291 млн. теңгеге жылу магистральдары жөнделіп жатыр

 Қызылорда қаласында 291 млн. теңгеге жылу магистральдары жөнделіп жатыр

314 0

 Қызылорда қаласында 291 млн. теңгеге жылу магистральдары жөнделіп жатыр.- деп хабарлады ҚазАқпрат

«Қызылорда қаласы әкімдігінде өткен тұрақты кеңесте жылу беру маусымына дайындық шаралары талқыланды. Онда «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК-ның директоры Мұхитжан Кәрімбаев қазіргі уақытта бу қазандықтары мен жылу жүйелеріне, қондырғыларға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізілді.

Айта кету керек, биыл республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 291 млн. 300 мың теңгеге ұзындығы 2 шақырым магистральды жылу трассалары мен жылу желілері қайта жаңғыртылуда. 2012-2013 жылғы жылу маусымында жылу орталықтарынан 4763 тонна мазут, 152 мың литр дизель отыны үнемделді. Ал 2013-2014 жылғы жылу маусымына қажетті отынның есептемелері тиісті министрліктерге ұсынылды. .

Осы орайда, қыс мезгілінде тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру үшін дайындық жұмыстарының осы кезден бастап жүйелі әрі сапалы жүргізілуі керектігін баса айтқан қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сала басшыларына көп пәтерлі тұрғын үйлердің жылу маусымына дайындығын пысықтауды, жылу желілеріне сынақ жұмыстары кезінде анықталған ақауларды дер кезінде жоюды және атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде апта сайын ақпараттар ұсынып отыруды жүктеді.

 


Тегтер:

қызылорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!