Теректі ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Фотография - Теректі ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Елбасы тапсырмасына сәйкес Теректі ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

301 0

Елбасы тапсырмасына сәйкес Теректі ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аудан әкімі Жеңіс Серікқалиевтің айтуынша, бұл жобаны 2013-2014 жылдары жүзеге асыру көзделіп отыр. Биыл осы жоба аясында Қызылжар, Құтсиық, Шағатай, Қоғалытүбек, Ақсоғым ауылдарын газдандыруға республикалық бюджеттен 539 млн. 891 мың теңге бөлінді. Бұған жоба бойынша барлығы 664 млн. 825 мың теңге қажет. 71 шақырым газ құбыры салынуы керек болса, соның 35 шақырымына тартылған. Жайық өзенінің астымен Зеленов ауданынан тартылып жатқан газ құбыры құрылысын «Батыс Газстрой» ЖШС жүргізуде. Ақсоғым, Қоғалытүбек, Шағатай ауылдарына шкафтар орнатылды. Осындай жұмыстар Құтсиық, Қызылжарда басталды, бірақ бұл ауылдарға «көгілдір отын» 2014 жылы жеткізіледі.

Ерсары, Аңқаты, Қандық елді мекендеріне газ құбыры Сырым ауданынан тартылуда. Мұның төрт шақырымы жүргізілді. Құбыр құрылысына 610545,0 мың теңге керек, әзірге бөлінгені - 362930,0 мың теңге.

2014-2015 жылдары Долинный, Приречный, Богданов ауылдық округтерін де газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалуда - деп хабарлады ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!