Қазақстандықтарды жеміс-жидекпен қамтамасыз ету үшін жылына шамамен 3 млн. тонна өнім керек

Фотография - Қазақстандықтарды жеміс-жидекпен қамтамасыз ету үшін жылына шамамен 3 млн. тонна өнім керек

Қазақстанға сырттан тасымалданатын жеміс-жидектің тең жартысынан астамы бейресми түрде әкелінеді

401 0

Қазақстанға сырттан тасымалданатын жеміс-жидектің тең жартысынан астамы бейресми түрде әкелінеді.

Орталық кеңсесі Бішкекте орналасқан және Қазақстан, Қырғызстан, Ресей елдерінің жеміс-жидек өндірушілерінің басын біріктіретін «Жеміс-жидек одағы» халықаралық қауымдастығының президенті Қазыбек Маткеримов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында осылай айтты.

«Қазақстанда импорттық жеміс-жидектердің үлесі 80 пайыздан асады. Өкінішке орай, оның тең жартысынан көбін алыпсатарлар бейресми түрде таситындықтан, ресми статистикада олар қазақстандық өнімнің қатарына енгізілуде. Сондықтан қолдан қолға өтіп, алыпсатарлық жолмен сауда сөресіне шыққан кезде оның бағасы өзіндік құнынан 10 есе қымбат болып шығады», - дейді Қ.Маткеримов. Оның айтуынша, Қазақстандағы импорттық жеміс-жидек негізінен Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстаннан әкелінеді. Алайда оның сапасына кепілдік беретін ресми тасымалдаушыны табу өте қиын. Себебі оны әркім әртүрлі жолмен тасиды. Мәселен, Өзбекстаннан жеміс-жидекті жоспарлы түрде тасымалдау мүмкін емес. Оған бұл елде сауданы реттеудегі бюрократиялық кедергілердің көптігі түрткі болып отыр. Сондықтан Өзбекстаннан жеміс-жидек тасымалдаушылардың басым бөлігі оны Қырғызстанның Баткен, Ош облыстары арқылы әкеледі. Өйткені Өзбекстанның Сурхандария облысында жеміс-жидек Оңтүстік Қазақстаннан - 45, ал Алматыдан 60 күн ерте піседі. Өкінішке орай ондағы өндірісшілер көп өнім жинау үшін тыңайтқыштарды мөлшерден артық пайдаланады. Ал оны көтерме бағамен сатып алатын адамдарға жылдам әрі көбірек өткізуге тырысады.

«Біздің қауымдастық жыл сайын Қырғызстан арқылы Қазақстанға 150-200 мың тонна жеміс-жидек әкелуде. Өндірушілерден өнімді тікелей жинап, арнайы орындарда сақтап, өз көлігімізбен Қазақстан мен Ресейге тікелей жөнелткендіктен базар бағасынан арзанға сата аламыз. Алайда арнайы сауда орнымыз болмағандықтан олар тұтынушыға тікелей жетіп жатқан жоқ. Сауда орындарының қожайындары да бұған бас ауыртпайды. Мысалы, біз Көкшетауда алманың бағасы көтерме базарда 120, ал дүкендерде 160 теңге болып тұрған кезде сауда орындарының қожайындарына оны 90 теңгеден тұрақты түрде жеткізіп және сапасына кепілдік бере алатынымызды айттық. Бірақ олар қызығушылық танытпады», - дейді Қазыбек Маткеримов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!