ҚР Бас Прокуроры А. Дауылбаев Беларусь Бас әскери прокуроры А.Драницамен кездесті

Фотография - ҚР Бас Прокуроры А. Дауылбаев Беларусь Бас әскери прокуроры А.Драницамен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Беларусь Республикасының Бас әскери прокуроры Александр Драницамен және Беларусь Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары - әскери алқаның төрағасы

271 0

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Беларусь Республикасының Бас әскери прокуроры Александр Драницамен және Беларусь Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары - әскери алқаның төрағасы,

аға әділет кеңесші Сергей Кондратьевпен кездесті. Жүздесуге Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры, генерал-лейтенант Ерғали Мерзадинов те қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымдағы, соның ішінде қылмыстылықпен күрес саласындағы мәселелер талқыланды. Тараптар өзара қол жеткізілген қарым-қатынастың деңгейіне қанағаттанатындықтарын білдірді.

Бас Прокурор қонақтарды прокуратура органдары қызметінің басты бағыттарымен таныстырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде жасалып жатқан қадамдар туралы хабардар етті.

Жылы жүзді қабылдау мен мазмұнды ақпарат үшін алғысын білдірген А.Драница әскери қызметшілер арасындағы қылмыстылықтың алдын алу және оны болдырмау жөнінде және әскерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде беларустық әскери прокуратураның қадағалау қызметінде қолданылатын тәжірибемен бөлісті.

Тараптар бұл кездесуді Қазақстан және Беларусь құқықтық жүйелерінің арасындағы ынтымақтастықтың деңгейін неғұрлым жоғарылатуға қол жеткізуге жасалған қадам ретінде бағалады.


Тегтер:

прокуратура

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!