Жезқазғанда республикалық ғылыми конференция өтеді

Фотография - Жезқазғанда республикалық ғылыми конференция өтеді

Жезқазған тарихи-археологиялық музейі 2013 жылдың 30 шілдесінде республикалық ғылыми- тәжірибелік конференция өткізеді

226 0

Жезқазған тарихи-археологиялық музейі 2013 жылдың 30 шілдесінде республикалық ғылыми- тәжірибелік конференция өткізеді деп хабарлады baq.kz

Музейдің 35 жылдығына арналған «Музей: Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеудегі жаңа әдістер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстандағы музей жұмысының әдіс-тәсілдері мен ғалымдардың тәжірибелері ұсынылмақ.

Конференция жұмысына музей қызметкерлері, ғалымдар, өлкетанушылар, өнертанушылар, мәдениеттанушылар, суретшілер, журналистер қатысады.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін өтініш хатты 2013 жылдың 22 шілдесіне дейін Ұйымдастыру комитетінің мына мекен –жайына: 100600 Жезқазған қ., Алашахан даңғылы, 22. Жезқазған тарихи-археологиялық музейі, тел.: 8(7102)737753, факс 8(7102)734249, e-mail: ist-arh.m@mail.ru мекен-жайына жіберу керек.


Тегтер:

жезқазған

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!