Қазақстан Қырғызстанға 1 мың гектар жерін берді

Фотография - Қазақстан Қырғызстанға 1 мың гектар жерін берді

Қазақ-қырғыз шекарасындағы дауға нүкте қойылып, "Быстроток" каналынан су жіберілді. Алайда, көршінің талабын орындауға мәжбүр болған қазақ елі, қырғыздарға 1 мың гектар жер берді

226 0

Қазақ-қырғыз шекарасындағы дауға нүкте қойылып, "Быстроток" каналынан су жіберілді. Алайда, көршінің талабын орындауға мәжбүр болған қазақ елі, қырғыздарға 1 мың гектар жер берді.

Естеріңізге сала кетейік, 7 шілдеде Қырғыздың Талас облысы, Қара Бура ауданының тұрғындары Қазақстанға ағатын трансшекаралық арнасын бөгеп тастап, 4 мың гектар жерді қайтару керек деп талап қойған болатын. Шілденің шіліңгірінде шаруаларды сусыз қалдыру дымсыз қалдырумен тең болды.

11 күн бойы суарылуы тиіс 1800 га алқап аптаптан қураудың сәл ақ алдында қалды дейді жұрт. Буынсыз жерден пышақ ұрған қырғыздардың қаһарын қайтару үшін қазақ жағы талабын орындауға мәжбүр болыпты.

"Қырғыз ағайындардың бүгінгі талап-тілектері жоғары болды. Мына скотопрогоннан малымызды айдап өтейік деген талап қойып отыр. Оны меніңше орындауға болады деп ойлаймын. Бұлардың әрине сұранысы 4 жарым мың гектар "Үлкен клинды" ашып тастау еді. Солардың сұранысы бойынша, 1 жарым мың гектар жерді мал жаюға және малды өздерінің жайылымнан айдап өтеуге келісім бердік", - деді Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Бесбай Қансейіт.

Билік өкілдері бұл уақытша келісім, өзімізден арна салынғанша ғана деп сендіреді. Алайда, айыр қалпақты ағайындардың бұл әрекеті бірінші жыл емес. Сондықтан түбегейлі өзімізден аңғар салынбай, судан тарықпаймыз деп бөркімізді аспанға ату ерте дейді шаруалар.

Келер көктемнен бастап Көксай арнасын өз жерімізден өткізу үшін жоба дайындалып қойыпты. Құны 6 миллиард теңгені құрайтын аңғардың сыйымдылығы қазіргісінен екі үш есе көп болмақ. Бұл жат елге жалтақтаудан құтқарар жалғыз жол.


Тегтер:

Қырғыстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!